Мекеме тарихы

«Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі» МКҚК – жаңа технологиялық материалдық-техникалық базасы, жоғары білікті педагогикалық ұжымы бар, елдің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына жауап беретін білікті жұмысшы маман даярлауды жүзеге асыратын жаңғыртылған оқу орны.

Түркістан облысы Білім басқармасына қарасты «Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі» МКҚК 2001 жылы 26 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы №21 Кәсіптік –техникалық мектептің Ескі Иқан филиалы ретінде құрылтайшылар шешімімен ашылған. 2006 жылда «№23 Кәсіптік мектеп» мемлекеттік мекемесі болып, 2008 жылы «№23 Кәсіптік лицей» болып қайта құрылды. 2013 жылда ОҚО әкімдігінің 24.12.2012ж №394-қауылысы, ОҚО Білім басқармасының 29.12.2012ж №1378 бұйрығы негізінде «№23 колледж» болып қайта құрылды. Түркістан облысы әкімдігінің 21.09.2019ж №11 қауылысына сай «Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі» МКҚК етіп атауы өзгертілді.

Түркістан облысы Білім басқармасына қарасты «Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі» МКҚК «ҚР БжҒМ Білім жіне ғылым саласындағы бақылау комитеті Түркістан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесі 22.11.2023 жылы берілген №КZ06LAA00035886 нөмірлі білім беру қызметіне берілген мерзімі шектеусіз лицензия негізінде жұмыс жүргізеді.

Колледж директоры- Жұмаділлаев Серік Қанаділұлы.

2019-2020 оқу жылында «Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі» МКҚК «Аккредиттеудің Тәуелсіз Қазақстандық орталығы» КЕМ тарапынан институциональды және 5 негізгі мамандық бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өтті. 2022-2023 оқу жылында мемлекеттік аттестациядан өтті.

Колледжде 2 оқу корпусы бар: 2015 жылы пайдалануға берілген 200 орындық типтік ғимарат және 140 орындық ынғайластырылған ғимарат.

34 оқу кабинеті,

13 зертханалық кабинет,

11 шеберхана,

2 компьютерлік кабинет,

  • кітапхана, оқу залы,

82 орындық акт залы,

1 медициналық пункт,

72 орындық асхана,

1 – спорт залы, 1 спорт ангары, 1 спорттық стадион бар.

Колледж қоғам және білім беру саласындағы барлық қызығушылық танытқан тараптар үшін ашық және айқын ұйым болып табылады, колледжде студенттердің, әлеуметтік серіктестердің және оқытушылардың мүдделері, олардың білім сапасына деген негізгі жауапкершіліктері ескеріледі.

Қазақстан Республикасының 200 жаңғыртылған оқу орындарының тобына кіру туралы пайымын ала отырып, «Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі» МКҚК жастар арасында техникалық және кәсіптік білім берудің беделін жақсартуға, жаңа экономикалық жағдайда елдің индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз етуге дайын жоғары білікті мамандарды қалыптастыруға бағытталған 2023 – 2027 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын әзірледі.

“Білім туралы” Қазақстан Республикасының Заңы;  Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі ““Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” ” атты Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде әзірленген стратегиялық даму жоспарының

Мақсаты: өңір экономикасына қажетті сапалы кадрларды даярлау.

Міндеттері:

  1. Жастарды оқуға және еңбек нарығына интеграциялауды жүзеге асыру;
  2. Қауіпсіз және жайлы оқу ортасын қамтамасыз ету;
  3. Тәрбие бағытында білім алушылардың зияткерлік, рухани адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету;
  4. Педагогтердің кәсіптік және мәдени капиталын арттыру;
  5. Білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру

Стратегиялық даму жоспарынан күтілетін нәтиже: оқыту мен тәрбиелеудің ең тиімді әдістері мен формаларын пайдалана отырып, тәжірибеге бағыттап оқыту арқылы кәсіпкерлік дағдылары дамыған өмірде жетістікке жету үшін заманауи құзыреттеріне ие сапалы маман даярлау.

Өңірдегі жұмыс берушілердің сұранысына байланысты алдағы уақытта жаңа мамандықтардың ашылуы үстінде жұмыс жүргізілуде: “Ветеринария”, “Флористика”, “Ақпараттық жүйелер”, «Гидротехник» және т. б.

Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінде қазіргі таңда кәсіби дайындық 8 негізгі мамандық бойынша жүргізіледі:

  1. 10130300 – Тамақтандыруды ұйымдастыру;
  2. 07150500 – Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша);
  3. 07230100 – Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу;
  4. 07320100 – Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану;
  5. 07161600 – Ауыл шаруашылығын механикаландыру;
  6. 07130100 – Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша);
  7. 07161300 – Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану:
  8. 08110300 – Жеміс-көкөніс шаруашылығы.

Оқу түрі: күндізгі.

Оқыту тілі: мемлекеттік тілде.

Білім беру: негізгі және жалпы орта білім негізінде жүргізіледі.

Колледж білім алушыларды қабылдауды мемлекеттік тапсырыс негізінде іске асырады.

2024-2025 оқу жылында жалпы студент саны – 440.

Колледжде жалпы қызметкерлер саны –95;

оның ішінде инженер-педагог қызметкерлер -53;

жалпы білім беру оқытушылары – 25

арнайы пәндер оқытушылары – 17

өндірістік оқыту шеберлері – 11.